drs_kz
Спортшыларға мемлекет тарапынан жеткен жетістіктеріне сәйкес сыйақы беріледі. Мәселен, жазғы Азия ойындарында чемпион болған алтын медаль иегерлері 10 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алады. Күміс медаль олжалағандарға 5 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерлерге 3 мың АҚШ доллары беріледі.
Бапкерлер де сыйдан кенде қалмайды. Азия ойындарында шәкірті чемпион атанған жаттықтырушыға 5 мың АҚШ доллары беріледі. Күміс медаль алған спортшының жеке бапкеріне 3 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерді баптаған жаттықтырушы 2 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.