Аймақтар • 09 Қазан, 2023

Түркістан облысы: 4,3 миллион тонна мал азығы дайындалды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында мал басы жыл сайын көбейіп, жемшөпке сұраныс артты. Бұл орайда егіс құрылымын қалыптастыруда мал азықтық дақылдарға басымдылық берілуі – заңдылық.

Түркістан облысы: 4,3 миллион тонна мал азығы дайындалды

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 870,2 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 9,4 мың гектарға артқан. Ал мал азықтық дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 2,1 мың гектарға артып, 223,7 мың гектарға егілген.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, биыл мал қыстату науқанына қажетті 4,3 млн тонна ірі сояулы мал азығы дайындалған. Бүгінде 273,4 мың гектарға егілген астық­тың гектар түсімділігі 18,0 центнер болып, 492 мың тонна өнім жиналды. Егіс алқаптарынан мал қыстату науқанына қажетті 300,1 мың тонна сабан, бидай, арпа қалдықтарынан  89,4 мың тонна пішендеме дайындалған. Биыл 1,5 жылдық мал азықтық қорды қамтамасыз ету мақсатында, 1,7 млн тонна жоңышқа, 1,9 млн тонна табиғи шөп, 22,4 мың тонна сүрлем жиналды. Сонымен қатар тауар өндірушілер арқылы өзге облыстардан 399,3 мың тонна мал азығы сатып алынды.

Ал өңірдегі нарықта сабанның сығымдалған бір данасы 650-700 теңгеден, жоңышқа 1250-1300 теңгеден, пішен 900-950 теңгеден саудаланып жатыр.