Фото: ашық дереккөз
Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткердің атына ақшалай қаражат аударып отырған. Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйақыларды беріп отырған.
Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шара қабылданып жатыр. Сонымен қатар аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.