Фото: parlam.kz
«Адам қолын, не аяғын қашан сындырып алатынын, кімде инфаркт болатынын, кім уланып қалатынын алдын ала қалай болжай алады? Ауруханаға келген науқасқа «Шектік» шкала шеңберінде осы айда ақша таусылды деп, келесі айларды күту керек деп түсіндіру де нонсенс», деді депутат.
Асхат Аймағамбетов сайлаушының өзіне жазған хатын да оқып берді. Науқас үш айда өзінің сырқатына ем алуы үшін терапевтке, онкологқа барса, онколог қайта терапевтке жұмсайтынын айтып шағымданған. Депутат мұндай жағдай күнделікті орын алатынын сынады.