Қоғам • 09 Қазан, 2023

Адам аяқ-қолын сындырып алатынын алдын-ала болжап біле ме? – депутат

4481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы ақпаннан бастап әр медициналық қызмет түрі бойынша əр емханаға нақты белгіленген «Шектік» шкала механизмі енгізілді. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС мәселелері туралы Үкімет сағатында аталған механизмнің азаматтардың бейін бойынша мамандарға көрінуі үшін қиындық əкелетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адам аяқ-қолын сындырып алатынын алдын-ала болжап біле ме? – депутат

Фото: parlam.kz

«Адам қолын, не аяғын қашан сындырып алатынын, кімде инфаркт болатынын, кім уланып қалатынын алдын ала қалай болжай алады? Ауруханаға келген науқасқа «Шектік» шкала шеңберінде осы айда ақша таусылды деп, келесі айларды күту керек деп түсіндіру де нонсенс», деді депутат.

Асхат Аймағамбетов сайлаушының өзіне жазған хатын да оқып берді. Науқас үш айда өзінің сырқатына ем алуы үшін терапевтке, онкологқа барса, онколог қайта терапевтке жұмсайтынын айтып шағымданған.  Депутат мұндай жағдай күнделікті орын алатынын сынады.