Фото: бейнекадр
Оқиға 7 қазанда Жамбыл облысындағы көшелердің бірінде болған. Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен, ит иесіне ешкімді жолатпаған. Кейінірек полицейлер амалын тауып, қарияға көмектескен.
«Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адамдар оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз − атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған еді», деді Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.
Қазір зейнеткер мен оның итінде бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.