Қазақстан • 09 Қазан, 2023

Көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік жауапкершілікке тартылды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2-8 қазан аралығында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Фото: Polisia.kz

Заңсыз көші-қон арналарын анықтау және оның жолын кесу мақсатында өткен операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктердің елде болу ережесін дұрыс қамтамасыз етпеген 2632 адам және шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 537 адам жауапкершілікке тартылған.

Елден 931 шетелдік шығарылған. ТМД елдерінен келген шетелдіктер арасынан 22 қылмыскер ұсталған.