Теннис • 09 Қазан, 2023

Жас теннисшілер жарап тұр

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жасөспірім теннисшілері ­әле­мнің бірнеше елінде ұйым­дас­ты­рыл­­ған халықаралық теннис­ тур­нир­­­­лерінің жеңімпазы мен жүлде­гері атан­ды.

Жас теннисшілер жарап тұр

Кореяда өткен жасөспірімдер арасында екінші санаттағы «ITF Juniors – J300 WANJU» турнирінде жерлесіміз Әмір Омарханов тамаша өнер көрсетіп, бәсекенің бас жүлдесін жеңіп алды. Отандасымыз байрақты доданың үшінші айналымда жасөспірімдер арасындағы әлемнің 45-ші, осы жарыстың ракеткасы жарыс қожайыны Джангжун Кимді 6:7, 7:6, 6:3 есебімен қапы қалдырса, ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жарыс жолынан ығыстырды – 6:3, 6:3. Жартылай финалда әлемнің 41-ракеткасы аустралиялық Хайден Джонестен басым түссе (6:1, 6:0), финалда үндістандық Юван Нандалды жеңді – 6:2, 6:2. Осылайша, Әмір Омарханов «ITF Juniors» жарысындағы төртінші титулына қол жеткізді.

Ал Әзербайжан астанасы Бакуде жалауы желбіреген 14 жасқа дейінгілер арасындағы «Tennis Europe» турнирінде Кристина Курученко күміс жүлдеге ие болды. Бас жүлде үшін өткен сайыста ол ресейлік Юлия Мякоткинаға жол берді – 2:6, 1:6. Ал Линара Бөлешева Даяна Жақыпбаевамен бірге жұптық бәсекенің финалында ресейліктер – Ю.Мякоткина мен Алиса Терентьева жұбынан басым түссе (6:3, 5:7, 17:15), тағы бір отандасымыз Михаил Мищенко ресейлік Яков Грызновпен бірге соңғы сында ресейліктер – Тимур Гордеев пен Алексей Ильиннен айласын асырды – 6:7, 6:2, 10:8.