Футбол • 09 Қазан, 2023

«Тұран» мен «Елімай» – жоғарғы топта

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері футболдан Бірінші лиганың 25-тур ойындары өтіп, ресми түрде жоғары топқа қосылған екі команда белгілі болды.

«Тұран» мен «Елімай» – жоғарғы топта

Шымкентке сапар шеккен Семейдің «Елімай» клубы сырт алаңда жергілікті «Оңтүстік Академия» футболшыларымен тең ойнап (2:2), мерзімінен бұрын ел чемпионатына жолдама алса, былтыр Бірінші лигаға түсіп қалған Түркістанның «Тұраны» араға бір жыл салып жоғары топқа қайта оралды. Өткен турда түркістандықтар сырт алаңда «Ақжайық» клубынан басым түсті – 0:1.

Бірінші лиганың турнир кестесінде «Елімай» 25 ойында 69 ұпай жинап, көш бастап келеді. Бір айта кетерлігі, Самат Смақов жаттықтыратын семейлік клуб биыл бірде-бір ойында жеңілген жоқ. Тек үш матчта ғана тең түскен. Екінші орындағы «Тұран» клубының еншісінде 62 ұпай бар.

 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00