Теннис • 10 Қазан, 2023

Севильяда сайысады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-14 қараша күндері Испанияның Севилья қаласында теннистен әйелдер арасындағы «Билли Джин Кинг» кубо­гінің финалдық кезеңі өтеді. Бұл сында отандастарымыз да бақ сынайды.

Севильяда сайысады

Күні кеше ел құрамасының капитаны Ярослава Шведова Севильяда сайысқа түсетін теннисшілердің тізімін жариялады. Аталған додада ел намысын Қазақстанның бі­рінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыба­кина, дүниежүзілік рейтингте 68-орында тұр­ған Юлия Путинцева, жұптық сында 32-сатыға жайғасқан Анна Данилина мен 154-орындағы Жібек Құламбаева және кейінгі бір айда табысты өнер көрсетіп, әлемдік рей­тингте 300 сатыға дейін жоғарылаған жас тен­нисші Аружан Сағандықова (743) қорғайды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы «В» тобында Словения және Аустралия құрамаларымен сынға түседі. Жасыл құрлық өкілдері былтырғы бәсекенің күміс жүлдегері саналады. Сонымен қатар финалда былтырғы «Билли Джин Кинг» ку­богінің жеңімпазы Швейцария, жарыс қожа­йыны Испания, сондай-ақ Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Германия және уайлд-кард иегері Польша құрамалары ойнайды.