Елорда • 10 Қазан, 2023

Тал егу – өнегелі дәстүр

511 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы өткен демалыс күндері экологиялық-әлеуметтік акция өткізді.

Тал егу – өнегелі дәстүр

Іс-шараны «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің жа­нын­дағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жө­ніндегі комиссиясы бірлесіп ұйым­дастырды. Оған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және көпбалалы отбасылар қатысты.

«Қазіргі еккен тал-шыбық, ер­тең жапырағы жайқалған ағаш, одан әрі көрікті орман болатыны белгілі. Осыдан бірнеше жыл өткен соң бұл ағаштардың саясын немере-шөберелеріміз көреді. Дана қазақ «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деп ағаш­тың адамзатқа берер пайдасын ерекше атап өткен», деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­графиялық комиссиясының хатшысы Қарлығаш Саркенова.

Айта кетейік, «Жанұя» орта­лығы – көпбалалы, толық емес, жағ­дайы төмен отбасыларға, мүге­дек бала тәрбиелеп отырған отба­сы­ларға және мүгедектігі бар жан­дарға кешенді кеңес беру қызмет­терін көрсету, отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру мақсатында жұмыс істейді.

«Бұтақ жайған ағаш қартай­майды, ұрпақ жайған адам қар­тай­­майды», дейді халқымыз. Ке­йін­­гі кезде ағаш егу дәстүрі елі­міз­дің түкпір-түкпірінде қолға алы­­нып жатыр. Осы орайда «Өз аға­­шыңды отырғыз» атты әлеу­мет­тік акцияның маңызы зор. Бұл ак­­цияға орталықтың сүйемел­деуін­дегі 20-дан астам көпбалалы жә­не мүгедектігі бар балаларды тәр­бие­леуші отбасылар қатысты», дей­ді Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орта­лығы директоры Бахтияр Айтпаев.

«Іс-шараның басты мақсаты – өмірдің қиын жағдайына тап бол­ған отбасылардағы балалар­ды экологиялық тәрбиелеу арқылы ата-ана мен бала арасындағы қа­рым-қатынасты нығайту, ортақ істе отбасының бірлігін дамыту, балаларды еңбекке баулу, қоршаған орта мен табиғатты аялау әр адамның жауапкершілігі екенін сезіндіру», дейді ұйымдастырушылар.

Игі іске қатысушылар бір мезетте 70-ке жуық ағаш отырғызды. Жер бөліп, ағаш отырғызуға Сары­арқа ауданының әкімдігі қолдау көрсетті.