08 Маусым, 2010

ЖОБА

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын  дамытудың  2011 – 2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі. Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес үстіміздегі жылы Үкімет әзірленген төрт басым мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және елдің әлеуметтік-демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесінің бәсекелестік қабілеттілігін қалыптастыру. Бұдан бұрын бағдарлама Премьер-Министрдің орынбасарының қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілістерінде, облыстардың, медицина мекемелері басшыларының, қоғамдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен өңірлік кеңестерде, денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс семинарлары мен конференцияларында талқыланып, барлық ескертулер жинақталды және назарға алынды. ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің тапсырмасына сәйкес жобаны қабылдау алдында өткен сараптама ескеріле отырып, пысықталған құжат жобасы жұртшылықтың кең талқылауына ұсынылады. Ұсыныстарыңызды мына электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: mz@mz.gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Жоба