УЕФА шешімі бойынша 2028 жылғы қарт құрлық біріншілігін Ұлыбритания және Ирландия елдері бірлескен түрде өткізсе, 2032 жылғы дүбірлі доданың жалауы Италия мен Түркия жерінде желбірейтін болды. 2028 жылғы ойындарды Белфаст, Бирмингем, Кардифф, Дублин, Глазго, Ливерпуль, Лондон, Манчестер және Ньюкасл қалалары қабылдаса, Италия мен Түркиядағы доп додасы әзірге қай қалаларда өтетіні белгісіз.
2000 жылдан бері УЕФА бір чемпионатты екі мемлекеттің өткізуіне мүмкіндік беріп келеді. Бұған дейін 2000 жылғы Еуропа чемпионаты Бельгия мен Нидерландта, 2008 жылы Аустрия мен Швейцарияда, 2012 жылы Польша мен Украинада өткен еді. Ал келесі жылғы Еуропа чемпионатын Германия қабылдайды.