Баға • 12 Қазан, 2023

Абай облысы: Көтерме құнының өзі жоғары

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының орталығы Семей қаласынан бастап, аудандарға қатты отын негізінен жүк пойызы мен жүк көліктері арқылы «Қаражыра» көмір кенішінен тасымалданады.

Абай облысы: Көтерме құнының өзі жоғары

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі күнде Семейде көмір тоннасы көтерме бағамен 2 нүкте бойынша сатылады. 28 500 тонна көмір жеткізілген қаланың кіреберісіндегі «Жігер» ЖШС нүктесінде 1 тонна көмірдің құны – 12 700 теңге болса, «72 квартал» аумағындағы баға 12 500 теңгеден босатылады. Оның үсті­не көлік тасымалы қызметіне 2 000 теңге қосылады. Қала билігі, сондай-ақ жекелеген аулаларда ЖК құжаты болған жағдайда ғана көмір сатуға рұқсат берілгенін айтады.

Алайда жалпы облыс бойынша көмір бағасы аудандардың орналасу ерекшеліктеріне қарай қымбаттай түсетінін жасыруға болмас. Аягөз, Үржар, Ақсуат аудандарына тасымалдану қызметін қоса алғанда тоннасы 18 мың теңгеден 28 мың теңгеге дейін шарықтап тұр. Аягөз қаласындағы көмірдің көтерме бағасы 14 800 теңге шамасында болғанымен, басқа аудандарға жүк көліктерінің иелері тоннасын екі есе бағасына өткізіп жүр.