Экономика • 11 Қазан, 2023

Ұлттық компанияның жаңа ережесі

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы мұнай және газ өндіру кезінде техника, технология, материалдар мен жабдықтардың жаңа түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын (ТӨС) ұйымдастыру, жүргізу және есепке алу ережелерін бекітті.

Ұлттық компанияның жаңа ережесі

Бекітілген осы қағидалардың жаңа редакциясы әлеуетті өнім беру­шілерден, ұйымдардан өтінімдер бе­рудің және ҚМГ мұнай-газ өндіру активтерінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеп отырады. Құжат жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтар бойынша ТӨС-ті ұйымдастыруды, жүргізуді және мониторингтеуді, стендтік және зертханалық сынақтарды, ТӨС нәтижелерін жан-жақты талдауды, сондай-ақ жаңа техника мен тех­ноло­гия­ларды өнеркәсіптік енгізіп тираждау жөніндегі одан кейінгі шешімді ретке келтіру үшін әзірленген.

«ҚазМұнайГаз» АҚ-да бизнес-үдерістерді цифрландыру аясында ТӨС-тің жаңа Ережелеріне сәйкес әлеуетті жеткізуші, ҚМГ ЕТҰ, ҚМГ және ҚМГИ арасындағы өзара әрекеттерді жақсарту үшін «ТӨС орталығы» интернет-порталы іске қосылды. Ол цифрлық форматта бір терезе принципі бойынша жұмыс істейді. Онда «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазМұнайГаз» АҚ ғылыми-техникалық қолдаудың мамандандырылған орталығы болып табылатын негізгі рөлге ие.

Атап айтқанда, ҚМГИ өндіру­шілерден немесе жаңа техника, технологиялар, материалдар, жабдықтар мен химиялық реагенттер өкілдерінен келіп түскен өтініштерді қарайды. Сөйтіп, ҚМГ ЕТҰ кен орындарында жаңа техника мен технологиялардың қолданылуын талдап, ТӨС сүйемел­деуді және жүргізілген ТӨС нәтиже­лерін растау бойынша жұмыс жүргізеді.

«ТӨС жүргізу Ережелерінің» регламенттелген тәртібінің блок-схемасы «ТӨС орталығы» интернет-порталының жұмыс алгоритмімен толық синхрондалған. Осылайша, ҚМГ Инжиниринг ҚМГ-да бизнесті корпоративтік жүргізуді трансформациялау стратегиясын іске асыруға белсенді түрде қатысады. Одан әрі ҚМГ және ЕТҰ арасындағы өзара әрекеттесу бизнес-үдерістерін оңтайландыруға және үйлестіруге елеулі үлес қосады.