Үкімет • 12 Қазан, 2023

Республикалық бюджет жобасы қаралды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен орталық мем­лекеттік орган және өңірлердегі атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Республикалық бюджет жобасы қаралды

Жиынға қатысушылар үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша депутаттардың ұсынған түзетулерін талқылады.

Кеңес барысында бюджет­тік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдарға Үкіметпен келісілген ұстанымдарды депутаттық корпуспен пысықтау тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Парламент Мәжілісінде «2024-2026 жылдарға арналған республика­лық бюджет туралы» Заң жобасы тал­қыланып жатыр. Талқылау қоры­тындысы бойынша салыстырмалы кес­те құрылып, күн сайын депутаттардан ұсыныстар түсуіне қарай жаңартылып отырады.