Спорт • 12 Қазан, 2023

Жәнібек Әлімханұлы – Винченцо Гуальтери жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі

3196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы деген атаққа ие Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын 14 қазан күні АҚШ-тың  Розенберг қаласында өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы – Винченцо Гуальтери жекпе-жегінің тікелей  көрсетілімі

Фото: janibek_qazaqstyle

Германия боксшысы Винченцо Гуальтериге қарсы жекпе-жекті Qazsport  телеарнасы тікелей эфирден 15 қазан күні таңғы сағат 07:00-ден бастап көрсетеді. «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы айқасты ел аумағында көрсетудің құқық иесі атанды. Жәнібектің чемпиондық белбеуін қорғайтын жекпе-жегін «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен qazsporttv.kz сайтынан да тамашалауға болады.