![Жәнібек Әлімханұлы – Винченцо Гуальтери жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі](/media/2023/10/12/dganibek.webp)
Фото: janibek_qazaqstyle
Германия боксшысы Винченцо Гуальтериге қарсы жекпе-жекті Qazsport телеарнасы тікелей эфирден 15 қазан күні таңғы сағат 07:00-ден бастап көрсетеді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы айқасты ел аумағында көрсетудің құқық иесі атанды. Жәнібектің чемпиондық белбеуін қорғайтын жекпе-жегін «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен qazsporttv.kz сайтынан да тамашалауға болады.