Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Атырауда дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

184 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Атырау қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

Осы жылдың 9-10 қазанында Атырау қаласындағы «Ақ желкен» бизнес орталығының мәжіліс залында дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, ««Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚҚ, мешіттердің және т.б. мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – педагогика және психология маманы Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы, «Әлеуметтану» ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы, дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан, дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы семинар оқыды.

Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы «Методы работы с целевыми аудиториями по профилактике вовлечения в деструктивные религиозные течения» тақырыбы аясында қатысушыларға деструктивті діни ағым жетегінде кеткен отбасылармен әңгіме жүргізу, байланыс орнату және өзін-өзі ұстау жолдарын түсіндірді. Оның үстіне, «Методические аспекты дерадикализации осужденных за экстремистские и террористические преступления» тақырыбымен жазасын өтеушілердің арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жүргізу, психологиялық бейнесін анықтау және жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері туралы сөз қозғады.

Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылытың негізі ретінде» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ, «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Оспанов Дәлелхан «Ислам әлеміндегі алауыздықтың себептері мен шешу жолдары» тақырыбы аясында қатысушыларға ислам дініндегі күрделі проблемалар мен асқынып тұрған мәселелерді  түсіндіре отыра, ислам әлемінің бірлігі жолында тұрған негізгі кедергілер және онымен күрес жолы жайында айта кетті. Оның үстіне, «Оңалту жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары» тақырыбымен мамандарға жұмыс барысында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері мен оңалту қағидалары туралы сөз қозғады.

Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың қоғамға қаупі, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатері туралы айтып өтті. Сондай-ақ, «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасының негізгі принциптері» тақырыбында зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты, зайырлы әдеп негіздері туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

Чч

Соңғы жаңалықтар

Аймақ ажарланып қалды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:50

Мал өсірсең, қой өсір...

Шаруашылық • Бүгін, 08:48

Заң уақыт сұранысына сай

Қоғам • Бүгін, 08:45