Сайлау • 13 Қазан, 2023

Әкім сайлауына дайындық қалай?

181 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комис­сия­­сы төрағасының орын­­­­­­б­а­­сары Константин Пет­­ров, ОСК мүшелері Сәби­ла Мұстафина, Асыл­­­бек Смағұлов аудан­­дар­ мен облыстық маңы­зы­ бар қалалар әкім­дері­нің сайлауын ұйым­дас­­тыру және өткізу іс-ша­ра­­­лары шеңберінде Қос­та­най, Абай, Ұлы­тау облыс­­тарына барды.

Әкім сайлауына дайындық қалай?

Аталған өңір­лер­де әкімдерді тікелей сайлау алғаш рет өтпек. ОСК мүше­лерінің өңірлерге баруы­ның мақсаты – сайлау комис­сия­ла­рының мүшелерін оқыту, әдіс­те­мелік және прак­ти­калық көмек көрсету.

Қостанай облысына барған ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Қарабалық, Федоров, Алтын­сарин, Денисов аудандары мен Рудный қаласы сайлау органдарының сайлауға дайындық барысымен танысты. Инспекциялық іссапар барысында ол учаскелік комиссия мүшелеріне арналған аудандық сайлау комиссияларының оқы­ту семинарларының жұмы­сы­на қатысты. Сондай-ақ өңір­­дің облыстық, қалалық және аудан­дық аумақтық сайлау ко­­ми­ссияларының мүше­лері­­мен кезде­сулер өткізіп, сай­лауға дайын­­­дық­ты ұйым­дастыру, үгіт нау­қанының бары­сы, сайлау ко­мис­сия­лары­ның сайлау үрдісі­не қатысы бар басқа да қатысу­шы­лармен өзара іс-қимыл тәртібі мәсе­лелерді талқылады.

Орталық сайлау комиссия­сы­ның мүшесі Сәбила Мұста­фина Ұлытау облы­сына барып, қазіргі сайлау науқа­ны шеңберінде өтетін облыстық, Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссияларының жұ­мыс барысымен танысты. Аудан әкім­дері­нің сайлауын өткізуге дайын­­дық мәселелері бойынша Ұлытау ауданының сайлау комис­сияларының 165 мүшесін каскад­тық әдіс бойынша оқыту іс-шара­сына қатысты.

Сондай-ақ ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов Абай облы­сының Абай ауданында және Кур­чатов қаласында инспек­ция­­­лық сапармен болды. 5 қа­­ра­­­­­шада әкімі сайланатын Абай ауданындағы Қарабұлақ, Орда, Қарауыл, Архат ауыл­­­­д­а­рының учаскелік сайлау комис­сияларына барып, алдағы сай­лауға дайындық барысын тек­­серді, сондай-ақ сайлау ко­мис­­­сиялары мүшелеріне ­а­р­нал­­ған оқыту семинарына қа­тысты.

ОСК мүшелері өткізілетін оқыту іс-шаралары шеңберінде дәс­түрлі түрде дауыс беру күні­не дейін және сайлау күні тікелей учаскелік сайлау комис­сиясының жұмысы бойын­­ша тәжірибелік кейстер­ді пысық­тауға, сайлау құжат­тары­ның нысандарын тол­тыру тәрті­біне, учаске­лік комис­сия­­лар мүшелері­нің сайлау үрді­сінің басқа қатысушы­лары­мен өзара іс-қимылына баса назар­ аударды. Учаскелік сайлау­ комиссияларының мүше­­­­­леріне «Қазақстан Рес­пуб­ли­­­ка­сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының негізгі талаптары, сайлауды таға­йын­даудан бастап да­уыс беру күніне дейінгі сайлау нау­­қа­нын өткізу кезеңдері түсін­­дірілді. Барлық қойылған сұрақ­қа сайлау заңнамасының норма­лары бойынша толық жауап берілді.

Айта кетейік, ОСК мүшелері бұған дейін 9 өңірге – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақ­стан, Жетісу, Қарағанды, Қызыл­орда, Павлодар облыстарына барған болатын.