Қазақстан университеттері Бағдарламалау бойынша студенттердің халықаралық олимпиадасына (International Collegiate Programming Contest – ICPC) 25 жыл бойы қатысып келеді. Әлемдік деңгейдегі командаларыңыз үнемі олимпиаданың финалына өтеді. Айтпақшы, келесі айда Қазақ елінен 17 команда 2023 жылғы ICPC олимпиадасының әлемдік финалындағы қос чемпионатта бақ сынайды. Жарыс Шарм-Эль-Шейх қаласында өтеді. Бұл – бір елден қатысатын командалар саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Осыдан-ақ қазақ халқының дарынды екенін аңғаруға болады.
Мен осы елдің Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мырзамен сөйлестім. 2024 жылы Астанада ICPC олимпиадасының әлемдік финалын өткіземіз деп шештік. Бұл идеяны көпшілік қолдайды деп ойлаймыз. Қазақстанға келіп, бұл жақта көп дүние жасалып жатқанын көрдік. Бұл жерді нағыз Техасқа баладым. Өйткені екі жақта да мал өсіру мәдениеті қалыптасқан. Қажеттіліктері де де ұқсас екен. Алдағы уақытта Қазақстан IT ғылымның шыңына шығып, нағыз цифрлық елге айналады деп сенеміз.
Уильям ПАУЧЕР,
ICPC қорының атқарушы директоры