Пікір • 12 Қазан, 2023

Біз әлемге танылуға тиіспіз

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елге келген шетел азаматтары біздің төлем жүйемізге, картаны 45 секундтың ішінде шығаруға болатынына таңғалып жатады. Шын мәнінде, еліміз цифрландыру бойынша әлемде ең алдыңғы қатарда деп айтар едім.

Біз әлемге танылуға тиіспіз

Өйткені мобильді қосымшада құжаттарды цифрлық форматта алуға болады. Көлікті, бизнесті толығымен онлайн режімде тіркеуге мүмкіндік бар. Салықты да онлайн төлейміз. Мұның бәрі бірнеше жыл ішінде жасалды. Себебі мемлекет тарапынан қарапайым азаматтарға қызметтерді барынша қолжетім­ді етуге деген ұмтылыс болды. Әлемнің еш жерінде мұндай мүмкіндік жоқ. Керісінше, басқа елге бара жатқан біздің сүйікті тұтынушыларымыз: «Өзге де елдерге Қазақстандағыдай мүм­кіндікті қолжетімді ету керек. Мүмкін сіздерге әлемдік нарық­қа шығу керек шығар. Әйтпесе біз өткен ғасырға кетіп қалғандай әсерде боламыз», деп жатады. Егер осындай салыстырулар туралы ойланатын болсақ, біздің алған бағытымыз өте дұрыс.

Цифрландыру саласында көп­теген жетістігіміз болса да, өкі­нішке қарай, әлем елдері ол тура­лы біле бермейді. Сондықтан біз рей­тингтерде бірінші орын алғы­мыз келсе, Kaspi, Freedom секіл­ді компанияларды қатыстыра отырып, мемле­кет тарапынан жұмыс тобын құру­ды ұсынар едім. Әлемдік рей­тинг­тердің тізімін жасайтын ұйым­дарға өзіміз туралы ақпарат бере­йік. Бізді әлем білуі, тануы керек.

 

Михаил ЛОМТАДЗЕ,

Kaspi компаниясының директоры