Фото: gov.kz
«2021 жылы ғана құрылған команда бір жыл ішінде С дивизионында 2-орын алып, жоғарғы лигаға үмітті болды. Дегенмен жарыс барысы Қазақстанның лайықты деңгейін көрсетті. Біздің құрама В дивизиондық орнын сақтай отыра, доданы сәтті тәмамдады. Ендігі жоспарымыз 2024 жылы В дивизионының кезекті ойындары өтеді. Әзірге біздің мақсатымыз – әлем чемпионатына жақсылап әзірленіп, биылмен салыстарғанда жоғары нәтиже көрсету», дейді Қазақстан ұлттық құрамасы кеңесшісі Николай Шаршуков.
Қазақстан спортшылары сайыстың соңғы ойынында Ұлыбритания командасын 4:3 көрсеткішімен ұтып, турнирдің жалпы рейтингінде төртінші орынға табан тіреді.
Чемпионат нәтижесі бойынша Жапония мен Словакия құрамалары А-pool пара хоккейден әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Аталған турнирдің ұйымдастырушылары – Туризм және спорт министрлігі, SportQory, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» қоры, Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитеті және Астана қаласының спорт басқармасы.