Ауа райы • 14 Қазан, 2023

Қар, жаңбыр, тұман: Ертең ауа райы қандай болады?

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, еліміздің бірнеше облысында дауыл болатыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қар, жаңбыр, тұман: Ертең ауа райы қандай болады?

«Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауып, республиканың шығысында қар аралас жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ түнде және таңертең республиканың барлық аумағында тұман түседі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен Орал қаласында тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында 1 градус аяз сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Облыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавл қаласында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде солтүстікте, күндіз оңтүстікте, Павлодар облысының батысында және Павлодарда жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33