Теннис • 15 Қазан, 2023

Ширек финалға шыға алмады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінде өнер көрсеткен екі жерлесіміз Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев жарыстың жартылай финалына шыға алмады.

Ширек финалға шыға алмады

Дүниежүзілік рейтингте 260-орында тұрған Денис Евсеев бәсекенің үшінші айналымында әлемнің 146-ракеткасы америкалық Александр Ковачевичпен шеберлік байқасып, екі сетке жалғасқан матчта 2:6, 4:6 есебімен есе жіберсе, рейтингте 302-сатыда орналасқан Б.Жұқаев әлемнің 503-ракеткасы Белорусь Егор Герасимовтан айласын асыра алмады – 7:6 (7:4), 2:6, 3:6. Бейбіт екінші сет басында жарақат алып қалғанымен, матчты аяғына дейін жалғастыра алды. 2 сағат 17 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бейбіт 14 эйс жасап үлгерді.

Екінші айналымда отандасымыз әлемнің 69, осы жарыстың 1-ракеткасы ретінде тіркелген аустралиялық Танаси Коккинакисті екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің сенсациясын жасаған еді.