Қоғам • 16 Қазан, 2023

Өскемендегі құрылыс жәрмеңкесінде тұрғын үйлер таныстырылды

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскеменде жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті. 11 құрылыс компаниясы тұрғын үй кешендерімен таныстырып, әлеуетті сатып алушыларға кеңес берді. Сонымен қатар жақсы жеңілдіктер ұсынды. Мұндай іс-шараны «Отбасы банкі» бірінші жыл ұйымдастырып отырған жоқ.

Өскемендегі құрылыс жәрмеңкесінде тұрғын үйлер таныстырылды

Фото: Ашық дереккөз

Жыл сайын өтетін жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне негізінен «Отбасы банкінің» салымшылары шақырылады, бірақ мұнда баспана сатып алғысы келетін кез келген адам да келе алады. Бұл –құрылыс компаниялары мен тұрғындарды байланыстыратын ыңғайлы алаң. Өйткені бұл жерде тұрғын үй кешендерімен бірден таныса аласыз, көкейде жүрген сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Бұған қоса несие бойынша алдын ала төлем қабілеттілігін есептеп, тұрғын үйге тапсырыс беруге мүмкіндік бар.

жәрмеңке

Тағы бір маңыздысы – көрмеге елге белгілі құрылысшылар қатысты. Олардың арасында «Восток-Строй» компаниясы, Emcompany, D.O.M.A, «Бирюза» сынды құрылыс нысандары бар.

«Біздің басты миссиямыз – адамдарға тұрғын үй сатып алуға және қаражат жинақтау мәдениетін дамытуға көмектесу, арзан несие алу жолдарын түсіндіру және ол үшін қандай қадамдар жасау керек екенін нұсқау. Салымшылар үшін мұндай жәрмеңкелердің пайдасы көп, өйткені барлық ақпаратты бір жерден алуға болады», деді «Отбасы банк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Назыгүл Аққұлова.

Өскеменде 28-55 жас арасындағы азаматтар тұрғын үйді жиі сатып алады. Соның бірі - «Отбасы банкі» бағдарламасы арқылы баспаналы болған қала тұрғыны Асхат Құзарқанов. Жас жігіт мына көрмеден соң тағы да пәтер алмаққа ниетті екенін айтты. Тағы бір банк салымшысы, өскемендік -  Мейрам Салихова. Көрмеде ол жаңа салынған тұрғын үй кешенін таңдады. Бұған дейін ол жолдасымен бірге екі ай бойы баспана іздеп келген.

тұрғын үй

«Бүгін біз ұнаған пәтерімізді таңдадық. Құрылыс компаниясы өкілдерімен, банк менеджерімен сөйлестік, сатып алатын болдық», дейді Мейрам Салихова.

Биыл  Отбас банк 1 603 шығысқазақстандық тұрғынның қоныс тойын тойлауына  орай туғызды.  Жыл басынан бері  Отбасы банкке ШҚО-ның 4 045 тұрғыны  салымшы ретінде тіркеліп, есепшот ашқан.