Шахмат • 17 Қазан, 2023

Карлсенді жеңген қазақ

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шахмат әлемінде жеңі­лістің кермек дәмін аз татқан спортшылар не­кен-саяқ. Солардың қа­та­рында 16 дүркін әлем чем­пионы, биылғы Әлем кубогінің иегері даңқты норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен бар. Алдына келген қарсы­ла­сын бет қаратпай жеңе­тін Карлсен бірер күн бұрын Қатарда өтіп жат­қан халықаралық турнир­де тағы бір мәрте же­ңілді. Әлемдік шахмат жұл­дызын бұл жолы қазақ баласы Әлішер Сүлейменов қапы қалдырды.

Карлсенді жеңген қазақ

Бұл күндері Қатар ас­та­насы Дохада шахматтан «Qatar Masters Open» турнирі өтіп жатыр. Әлем­нің ең мықты шахматшы­лары жиналған халықара­лық жарыстың екінші кезе­ңін­де отан­дасымыз Әлішер Сүлейменов аты аңызға ай­налған шахмат ше­бері Маг­нус Карлсенмен ой жа­рыс­тырып, қарсыласын қа­­пы қалдырды. Бұл Магнус Карл­сеннің карьерасын­дағы 15-ші жеңіліс болып тіркелді. Карл­сен өзінің шах­мат жолында елі­міздің спортшыларымен үш рет ойнап, тек Ринат Жұ­ма­баевпен ғана блиц шах­матта тең түскен екен. Ал Па­вел Коцур, Мұртас Қаж­ғалиев және Әнуар Исмағам­бетовтермен болған ойында Карлсен же­ңіске жеткен.

Спортты дамыту дирек­ция­­сының мәліметі бойын­ша, ұлттық құрама ойын­шысы нор­вегиялық шах­ма­тшыға қарсы ақ түсті ­фигу­ра­лармен өнер көр­сет­ті. Матчты сәтсіз бастаған ­әлем рейтингінің көшбасшысы ­31 жүрістен кейін жеңіл­ге­нін мойындады. 23 жас­та­ғы Әлішер – Павлодар шах­мат мектебінің түлегі. Қатардағы жарыста Әлі­шер­ден бөлек, отандастары­мыз­дан Ринат Жұмабаев, Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова бақ сынап жатыр.

Ринат 2-турда үндістан­­дық Шьямнихилды жең­се, Қазы­бек өзбекстандық Жа­вохир Синдаровқа жол берді. Бибі­сара Асаубаева өзбекстан­дық Хумоюн Бег­муратовтан басым бол­са, Алуа Нұрманова үндіс­тандық Паннерсельвам Иниян­мен тең түсті. Қазір Әлі­­шер мен Ринат қана же­ңіліссіз келе жатыр.