Егемен Қазақстан • 17 Қазан, 2023

Бейнеқоңырау арқылы кеңес беріледі

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешеден бастап Мем­лекеттік кірістер комитеті салық төлеу­шілерге бейнебайланыс арқылы кеңес беруге кірісті. «Байланыс орталығы» деген атаумен іске қосылған қанатқақты жоба салық тө­леуге байланысты туындаған сан түрлі сауалға толыққанды жауап бе­ріп, мәселені егжей-тегжей түсін­діріп беруге ниетті.

Бейнеқоңырау арқылы кеңес беріледі

Расымен де, жобаның мақ­са­ты – арнайы Qr-кодты ска­нерлеу арқылы немесе Мем­лекеттік кірістер коми­те­тінің www.kgd.gov.kz порталындағы сілтеме арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та «Бей­не­қоңырау» арқылы түскен қоңы­рауларды қабылдап, осы бо­йынша салық төлеушілерге неғұр­лым ың­ғай­лы және жылдам форматта кон­­суль­та­циялық қызметтер көр­сету.

Сервис кеңес алу үшін ха­бар­ласқан абоненттерге бейнебайланыс барысында мә­тін­дік хабарламалар мен қажетті сілте­ме­лер жіберуге мүмкіндік береді.

Кіріс комитеті осындай жа­ңа­шыл қыз­мет­­терді іске қосу арқылы салық міндет­те­мелерін орындау үдерісін қарапайым, ың­ғай­лы және қолжетімді етуге күш салмақ.

вап