Фото: Ашық дереккөз
Әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім жобасы Ашық НҚА порталында жария етілген.
«Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын», делінген құжатта.
Аталған бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.