Құрылыс • 18 Қазан, 2023

Құрылыс жұмыстарын бастады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында индустриялық парк салу жобасы аясында «Қытай-Қазақстан халықаралық индустриялық қаласы» ЖШС құрылыс жұмыстарына кірісті. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құрылыстың алғашқы кезеңін қолға алмақ. Оның ішінде инженерлік желілер жүргізу мен магистралдық көшенің құрылыстары бар.

Құрылыс жұмыстарын бастады

Инвесторлар биыл­­ғы қара­шадан бастап АЭА аумағынан тыс  салынатын әкім­шілік ғи­мараттар мен қонақүй ны­сан­да­рының алғашқы қадасын қа­ғып, құрылысын бастауға құл­шыныс танытты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жобаның басты мақсаты – ин­дус­­трия­лық парк салу және де «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да өндірістік, логистикалық қызмет көр­сетуді ұйымдастыру, сондай-ақ өнеркәсіптік қуаттарды ҚХР-дан Қазақстан аума­ғы­на ауыстыру. Бұл жобалар ҚХР-дың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын, инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық сая­сат пен Қазақстан Республикасының Үкі­меті мен Қытай Халық Респуб­ли­касының Үкіметі арасын­дағы «Жібек жолы­ның эко­но­ми­калық белдеуі» атты бастамаларын не­гізге алады.

Жобаның құны – 330 млрд теңге. Оған бөлініп отырған жал­пы жер көлемі 1000 гектарды құрайды. Соның арқасында жа­қын елді мекен тұрғындары үшін 2 мыңнан астам жұмыс орны ашы­лады деп күтіледі.