Аймақтар • 18 Қазан, 2023

Петропавлда футбол алаңында жас жігіт көз жұмды: оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда жаттығу кезінде көз жұмған жас жігіттің өлімі жан-жақты тексеріліп жатыр, деп хабарлады Egemen.kz.

Петропавлда футбол алаңында жас жігіт көз жұмды: оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр

«Ешкім мұндай оқыс жағдайды күткен жоқ. Ол допты айналдырып жаттығып жүрген. Аяқ астынан есінен танып құлапты. Мұны жаттықтырушы айтты. Футбол алаңында бұрын-соңды дәл осындай қайғылы оқиған орын алмаған», – дейді «Қызылжар» футбол орталығының басшысы Вячеслав Колода.

Оқыс оқиға футбол клубының кезекті жаттығуы кезінде болған. Рауан Мұхтаров доппен ойнап келе жүріп, кенеттен құлап түскені сол жердегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қазір осы бейнежазба тергеушілердің қолында. Сондай-ақ, камераға Рауанның кеудесіне доп тигені де түсіп қалған. Бірақ жас спортшы еш ауырсынбай әрі ойнап кете барған. Дегенмен оның өліміне осы соққы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Футболшының нақты неден көз жұмғаны әлі анықталып жатыр.

«ҚР Қылмыстық Кодексінің 001-бабы «Адамның қайтыс болуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән- жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қзметінің ресми өкілі Нұрбек Баекин.