ANTIKOR • 18 Қазан, 2023

Боранбаев мемлекетке тағы 30 млрд теңге қайтарды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Боранбаев мемлекетке тағы 30 млрд теңге қайтарды

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды.

Еске салайық, көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтеген болатын. Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатын болады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап), - деді ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.