Футбол • 18 Қазан, 2023

Жастар жігерсіздік танытты

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақ­стан ұлттық құрамасы Еуропа чем­пио­натының іріктеу кезеңі аясын­дағы кезекті ойынын елордада өт­кі­зіп, бұл жолы да жанкүйерлерді жер­ге қаратты.

Жастар жігерсіздік танытты

Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын еліміздің жастар құрамасы бірер күн бұрын ғана Өзбекстан жастарымен тең ойнаған (0:0) Испания футболшыларын жеңе алмады. «Астана Арена» стадионында өткен топтық кезеңнің үшінші тур ойынында жерлестеріміз қарсыластарына 4:0 есебімен жол берді. «Қызыл фурия» сапынан бірінші таймда «Барселона» футбол клубының түлегі Фермин Лопес мергендігімен көзге түссе, екінші таймда Темірлан Анарбеков («Қайрат») қорғаған қақпаға «Валенсия» футболшылары Диего Лопес пен Фран Перес, «Алавес» клубының ойыншысы Саму бір-бір мәртеден саңылау тапты.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа іріктеу кезеңіндегі үшінші ойынын өткізіп, қатарынан үшін­ші матчта жеңілді. Мұның алдында жер­лестеріміз сырт алаңда Мажарстан (2:0) және Бельгия (1:0) құрамаларына жол берген еді. Жерлестеріміз келесі ойынын 16 қараша күні сырт алаңда Мальта құрамасымен өткізіп, осы жылғы ­ойындарын аяқтайды.