Теннис • 18 Қазан, 2023

Пиреней түбегінде жеңіске жетті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жас теннисшісі Ясмин Дүй­сембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жас­қа де­йін­гілер арасында өткен екін­ші санат­тағы Tennis Europe тур­ни­рінің чемпионы атанды.

Пиреней түбегінде жеңіске жетті

Қазақстан теннис федерациясы мәлі­меті бойынша, Ясмин финалда Болгария өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал ұлдар арасында бақ сынаған тағы бір отан­дасымыз Ахмади Маханов финалға дейін жеткенімен, чемпиондық матчта корт иесі Томас Мартинге жол беріп қойды – 1:6, 1:6.

Ахмадидің жекелей сында жолы бол­мағанымен, жұптық сайыс­та бағы жанды. Отандасы Бал­қан Нұр­дәулетпен бірге жұп құрап, турнирдің соңғы бәсе­кесін­де сло­вакиялық Леонард Нипц пен украи­налық Егор Романют жұбынан екі сетте 6:1, 6:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңім­паздарының қатарына қосылды.

Сонымен қатар қыздар бәсекесінің тағы бір финалында ойнаған жерлесіміз Әдемі Әлсейпулова нидерландтық Пиппа Фенниспен бірге ақтық сында Испания қыздары – Пелас және Бель­траннан басым түсе алмады – 3:6, 4:6.