Осыған орай, «Алдағы қыс маусымына өңір жұртшылығының дайындығы қандай?» деген сауалымызды Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаевқа қойған едік. «Райымбек ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық шаралары жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік нысандар бар, жалпы саны 7600 түтіннен тұратын аудан тұрғындары бір маусымда 40 мың тоннаға жуық көмір жағады. Тұрғындар тұтынатын көмір тұтастай дерлік ауданымыздағы «Ойқарағай» көмір кенінен тасымалданады. Бүгінгі таңда кен орнында көмір бағасы – тоннасына 8500 теңге. Аудан аумағындағы елді мекендерге жол қашықтығына байланысты 14 пен 17 мың теңге аралығында жеткізіледі. Кен орны жылына 65-70 мың тонна көмір өндіруге қауқарлы. Сол себепті, көмір тапшылығы жоқ. Әлеуметтік нысандар мен білім ошақтары жылыту маусымына толықтай дайын», дейді аудан әкімінің орынбасары.
Алматы облысы