Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері сол жерге барып, өзенге батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көлікті су ішінен шығарғаннан кейін ішінен екі ер адамның мүрдесі табылды. құжаттары бойынша олардың 1971 ж.т. және 1981 ж.т. азаматтар екені анықталды. Олардан ешқандай дене жарақаттары анықталмаған.
Бейнекамераларды қарау кезінде, 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында көліктің жоғары жылдамдықпен суға түсіп, батып кеткені анықталды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды.