Жәдігер • 19 Қазан, 2023

Антропоморфты тас мүсін

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Антропоморфты тас мүсіннің бейнесі сақталған. Бұл музейдің археологиялық топтамасындағы жұрт қызығып көретін экспонаттардың бірі.

Антропоморфты тас мүсін

Тас мүсін музейге 1986 жылы тапсырылған. Ол Қостанай қаласының маңындағы Қызыл парти­зан кеңшарының аума­ғынан табылған. Айт­пақшы, 1976 жылы дәл осы төңіректен архео­логия ғылымындағы тың жаңалықтың бірі са­налған «Тобыл ойшы­лы» да табылған еді. Мүсін ақшыл сары түс­ті ірі түйіршікті құм­тастан қашау және те­гіс­теу техникасымен жа­салған. Биіктігі – 19 сантиметр. Ғалымдар оны энеолит дәуірінде жасалған деп жорамал­дайды. Яғни біздің зама­нымызға дейінгі ІІІ мың­жылдықтың соңы мен ІІ мыңжылдықтың бас кезіне сәйкес ке­леді. Мү­сіннің беті сы­зыл­маған, жағы жай­лап кеуденің жоғары жағына ұласады, тек иегі ғана алға шығып тұр. Аузы шығыңқы бедер емес, ойылған сы­зықпен көрсетілген. Де­не­сінің ал­дыңғы бө­лігі өңделмеген және ешқандай ойығы жоқ. Дөңгеленген арқасы ептеп өңделген. Қолы мен аяғы бедерленіп берілген. Мүсін орнықты, бірақ тік осьтен сәл ауытқыған.