Қоғам • 20 Қазан, 2023

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобустар жолға шықты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қазанынан бастап Төле би – Яссауи көшелерінің қиылысындағы бұрылыс алаңынан Қарғалы кентіне жүретін №236 бағыт ашылады. Барлығы 12 автобус олардың қозғалыс интервалы 17 минут болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобустар жолға шықты

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес қызмет көрсету «NEO city TRANS» ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.

Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда.

Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 «Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой – Саяхат ауылы», № 240 «Батыр ауылы – «Адем-1» сауда үйі, Солтүстік айналма көшесі. Қалған бағыттар әзірленіп жатыр.

«Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру көзделген. Олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі», деп хабарлады әкімдіктен.