Қоғам • 20 Қазан, 2023

Қазақстанда адам өлтіру қылмысы азайған

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің басшылары, облыстардың прокурорлары және Полиция департаменттері бастықтарының қатысуымен адам өлтіруді тергеу және ашу сұрақтары бойынша ведомствоаралық жедел кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда адам өлтіру қылмысы азайған

Тимур Тәшімбаев қасақана адам өлтіру қылмысы төмендегені байқалғанын атап өтті.

- Биылғы 9 айда адам өлтіру фактілері 27,3% төмендеген (578-ден 420-ға дейін), ал осындай қылмыстардың ашылуы 94%-ға жоғарылаған. Десе де қасақана адам өлтірудің себептері бірқатар мәселеге, оның ішінде профилактиканың әлсіздігіне тікелей байланысты. Адам өлтіруді тергеп-тексерудің сапасы және қылмыскерлер үшін сөзсіз жазаның болуы да маңызды мәселелер болып табылады, - делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.

Жедел кеңестің шешімімен полиция органдарының басшылары мен облыс прокурорларына аталған бағытта, оның ішінде «өткен жылдары» адам өлтіру қылмыстарын ашу, жасырынған қылмыскерлерді, жоғалған азаматтар мен басқаларды іздестіру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.