Фото: ашық дереккөз
«Көптеген азамат өзінің қаржылық құқығын біле бермейді. Соның салдарынан қайта-қайта қарызға ұрынып жатады. Осының алдын алу үшін «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын бастаған болатын. Бұл бағдарлама қысқа уақыттың ішінде тиімділігін көрсетті. Президент те өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталып, жалпыхалықтық бағдарламаға айналдыру керектігін айтты. Қазір бұл жоба Үкіметпен, құзырлы органдармен және жергілікті әкімдіктермен бірге бүкіл ел бойынша іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда 52 000 адам оқытылды», деді Мәжіліс төрағасы.
Бұдан соң Ерлан Қошанов жөн-жосықсыз кредит алу азаймайтын болса, мемлекет тарапынан халықтың табысын көтеруге бағытталған шаралардың нәтиже беруі екіталай екенін айтты.
«Ең бастысы бұл әр азаматқа, әр отбасына тікелей қатысты өткір мәселе. Сондықтан біз бұл проблеманы мұқият зерттеп, оңтайлы шешімін табуымыз керек», деді ол.