Фото: Turizm_zhane_sport_ministrligi
Бэлла финалға дейінгі қарсыластарының барлығын да айқын ұтқан, бірақ алтын медаль үшін айқаста алжирлік спортшыдан аса алмады.
Кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақта жекпе-жекке түскен Б. Самашева Алжир спортшысынан былтыр да жеңілген еді.
«Дайындық та сәтті өтіп, бабыма да енген едім, бірақ алтын медаль бұйырмады. Алжир спортшысы өткен жылғы әлем чемпионатында жеңген, бұл жолы есемді қайтаруға барымды салдым, өзімде жеңемін деген сенім аз болғаны ма, ашылып айқаса алмадым» , деді спортшы.