Хоккей • 22 Қазан, 2023

«Сочиден» басым түсті

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктің кезекті тур ойы­нын Сочиде жергілікті «Сочи» клубымен өткізді.

«Сочиден» басым түсті

Кейінгі үш турда сәтсіздікке ұшырап, жеңілістің кермек дәмін татқан жерлестеріміз төртінші матчта жанкүйерлерін қуанта алды. «Барыс» хоккейшілері сырт айдындағы ойындар сериясындағы екінші бәсекесін ҚХЛ-дің «Батыс» конференциясында алтыншы орында тұрған «Сочи» командасымен өткізіп, айдын иелерін 5:3 есебімен тізе бүктірді.

«Большой» спорт кешенінде өткен матч­та «Барыс» сапынан Понтус Оберг дубльдің авторы атанса, Кирилл Савицкий, Райли Барбер, Батырлан Муратов бір-бір мәртеден дәлдік танытты. Ал айдын иелерінен Матвей Мичков, Сергей Попов және «Барыстың» экс-қорғаушысы Джесси Грэм көзге түсті.

 

Соңғы жаңалықтар