Жастар • 22 Қазан, 2023

Жастар зертханасы – жаңа мүмкіндік

194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

24 қазан – Кітапханашы күні мерекесіне орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен республикалық «Жас кітапханашы 2023: жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты жастар лабораториясы өтті. Еліміздегі мемлекеттік кітапханалардың жас кітапханашылары қатысқан іскерлік кездесудің мақсаты – салаға келген жастардың мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен кәсіби біліктілігін шыңдау, өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, іскерлік қабілеттерін дамыту болды.

Жастар зертханасы –  жаңа мүмкіндік

Екі күнге созылған форумда республиканың түкпір-түкпі­рінен 50-ге жуық жас кітапха­нашы, қоғам, ғылым, мәдениет, білім салаларының өкілдері басқосты. Сал­танатты ашылу рәсімінде сөз алған Мәдениет және ақпарат министрлігі, архив, құжаттама және баспа ісі комитеті, кітап­ханалар бас­қар­масының сарапшысы – Дина Аман­жолова, «Ал­тын қыран» қоғамдық қо­ры Маркетинг және жобалар департаментінің директоры Саят Жөкенұлы, «Дәулеттен» қайырымдылық қоры директорының орынбасары Бекзат Қайрат форумның ма­ңызына тоқталып, жас кіт­ап­ханашыларға сәттілік тіледі.

Алдын-ала әлеуметтік желі­де ұйымдастырылған «Жас кі­тап­ханашы – 2023: жыл таң­дауы» байқауына қатыс­қан 40 шақты үміткерден үздік деп танылған 10 маман кітап­хана сахнасында өз жобаларын қорғап, бақ сынасты. Бар өнерлерін, іскерлік қабілеттерін ортаға салды. Осыдан соң кітап­ханашылар Назарбаев универ­ситеті, М.Нәрікбаев атында­ғы ҚазГУ, Л.Н.Гумилев атында­ғы ЕҰУ Ғылыми кітапха­на­ларына, Ұлттық академиялық кітапханаға арнайы экскурсия жасап, сала бойынша мә­дени, білім ошақтарында ұйым­дастырылған панельдік, фор­сайт сессияларға, практи­калық семинарларға, тәжірибелі мамандардың шеберлік, іскерлік сағаттарына қатысты.

Форумның екінші күнін­де қатысушылар Ұлттық кітап­­ха­на директоры Ғ.Нұр­ға­лиеваның жетекшілігімен өткен «Кітапхана индус­трия­сын­дағы трендтер: әлеуметтік же­ліні стратегиялық қолдану және тиімді пайдалану» атты шеберлік сағатқа, кәсіби медиатор, бизнес-тренері Динара Карамакинаның «Медиация жастар арасындағы араздықтың алдын алу құралы ретінде» атты практикалық семинарға, модератор – Вероника Балгарскаяның «Инклюзия – принять нельзя отвергнуть» атты тренингіне қатысып, білімдерін жетілдірді. 

Кәсіби мамандардың жетек­шілігімен «Кітапханадағы жасанды интеллект: мүмкіндік әлде қауіп?» тақырыбында дискус­сиялық панель, «Заманауи кітап­хананың келбеті» Форсайт-сес­сиясы, «Кітапханадағы әлемдік ақпараттық ресурстар» атты семинарлар форум аясында жан-жақты талқыланып, жас мамандар «QUIZ» интеллектуалдар са-йысына қатысты. Одан соң ашық микрофон ұйым­дастырылып, жас кітапха­нашылар өзара пікір алмасты, жастар лабораториясынан алған әсерлерімен бөлісті. Фо­румды қорытындылай келе, респуб­ликалық жастар лаборато­риясының резолюциясы қа­былданды. «Жас кітапханашы – 2023: жыл таңдауы» респуб­ликалық байқауының қоры­тындысы жарияланып, жеңім­паздар анықталды. Бай­қау нәтижесі бойынша бас жүлде және «Dauletten» қайырым­дылық қоры ұсынған – Ду­байға жолдаманы Шығыс Қазақстан облыстық бала­лар және жасөспірімдер кітап­хана­сының жас маманы Дана Бөкенова жеңіп алды. Үз­дік жобаларымен ерекшелен­ген Құлпынай Жасарал, Айгерім Абдухалимова, Ұлжан Ра­хым­ғалиева және Жадыра Жасұлан арнайы жүлдемен марапатталды. Оларға арнайы дипломдар және жоба демеушісі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры ұсынған 100 мың теңге сыйлық табысталды. Сондай-ақ екі үміткер Астана қалалық кітап­ханалар жүйесі мен «Qalamger.kz» әдеби порталы та­ғайындаған арнайы сыйлық­тарға ие болды.

Кітапхана саласына келген жастардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттырып, кәсіби біліктілігін шыңдауды мақ­сат еткен іс-шара биыл екін­ші рет ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024