Спорт • 23 Қазан, 2023

IV Азия пара ойындарында Әнуар Сариевке қола медаль тағылды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) Қазақстан құрамасы қоржынына кезекті қола түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

IV Азия пара ойындарында Әнуар Сариевке қола медаль тағылды

Фото: Turizm_zhane_sport_ministrligi

60 келі салмақ дәрежесіндегі Әнуар Сариев қола жүлде үшін болған белдесуде Лондон Паралимпиадасының күміс жүлдегері Сюй Чжаоды жеңді.

Осылайша, IV Азия пара ойындарында Қазақстан спортшысы Әнуар Сариевтің кеудесіне қола медаль тағылды.