Қонақ алқалы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президентін жақын тартып, құда деп атады.
«Құрметті құда, туысқан мырза! Қазақстанға келу мен үшін шынымен де үлкен мәртебе. Мен Қазақстанды өз елімдей көремін», деді Тедрос Гебрейесус сөйлеген сөзінде.
Ол келіні қазақ ұлтының өкілі екенін алға тартып, өзінің біздің елімізге қатысы бар екенін аңғартты.
«Келінім қазақ, сондықтан екі немерем де белгілі бір дәрежеде қазақ ұлтынан. Сондықтан Қазақстан да менің бір елім, өзімді Қазақстанның бір бөлігімін деп есептеймін», деді мәртбелі қонақ.
Айта кетейік, ДДСҰ басшысы - белгілі ақын, ақындар айтысын ұйымдастырушы Жүрсін Ерманның құдасы.