Аймақтар • 23 Қазан, 2023

Талдықорғанда коттедж қалашығынан қаржы жымқырғандар сотталды

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы "Береке" шағын ауданындағы жаңа құрылысқа қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Талдықорғанда коттедж қалашығынан қаржы жымқырғандар сотталды

Құрылысы 2014 жылы басталған коттедж қалашығын салу үшін 8 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы бөлінген.

Тұрғын үйлер 2019 жылдан бастап пайдалануға беріле бастады. Алайда, мемлекеттік бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізген тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмай, коттедж қалашығындағы үйлердің сапасы сын көтермейтіні айтылды. Содан бері "Береке" атауын иеленген шағын ауданға қатысты шу толастаған жоқ.
Жақында мәселеге Жетісу облысының прокуратурасы араласып, коттедж қалашығына бөлінген қаржының иегерілуі мен құрылыс сапасына қатысты тексеру бастаған-ды. Нәтижесінде тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

- Прокурорлық тексеруді бастауға бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет құрылысы аяқталмаған үйлер туралы жарияланымдар себеп болды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде мердігер келтірілген залалды өтеді, оның ішінде 36 үйді өз қаражатына салды, - дейді Жетісу облысы прокуратурасының өкілі.
Сот үкімімен мердігер ұйымның басшысы, құрылысты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияның жұмыскерлері және тапсырыс беруші - «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғалары Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 361-баптың 4-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, сотталды.