Айбын • 24 Қазан, 2023

Ел қорғау – ердің ісі

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі «Ел қорғау – нағыз ерлердің ісі» республикалық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Ел қорғау – ердің ісі

Астаналық қорғаныс істері жөнін­дегі депар­таменті мен қала әкімдігі ұйымдастырған салтанатты іс-шараға Қор­ға­ныс министрлігінің, қор­ғаныс істері жөніндегі депар­та­ментінің басшылығы, қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Ақмола өңір­лік гар­низонының әскери қызметшілері, Қару­лы күштердің және басқа мем­ле­кеттердің аума­ғын­дағы ұрыс қимыл­дарына қатысқан ардагерлер, «Жас­ сарбаз» әскери-пат­риот­тық қозғалысының тәр­бие­­ленушілері, әскерге ша­қы­ры­лушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

пар

– Әскери мамандық қа­шан­да құр­­метке ие, әйтсе де оның өзіндік қиындықтары бар. Әскери қызметшінің міндеті – сындарлы сәтте ел қорғауға дайын болу. Бүгінде Қарулы күштер қатарында өздерің сияқты көптеген жас қызмет етеді. Олар әскери істі игере отырып, күш-қуат тұрғысынан шыңдалып, нығайды. Өзде­ріне деген сенімі арт­ты. Елімізге осындай бел­сен­ді, өмірлік ұстанымы қалып­тасқан жастар қажет. Әрқашан естеріңде болсын, сендердің жетістіктерің – ата-аналарыңның, туыс­та­рыңның, отбасыларыңның жетістігі, демек ол еліміздің жетістігі, – деп атап өтті Қор­ға­ныс министрінің орын­­басары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Өткен жылдан бастап Қорғаныс министрлігі жас­тардың мерзімді әскери қызметке деген ынтасын­ арттыру мақсатында несие­лік демалыстар мен әске­ри­ қызметтен кейін ҰБТ­ тап­сырмай, жоғары білім алуға мүмкіндік беретін жеңіл­діктерді іске асырып келеді. Жиында мерзімді қызметтен запасқа шығарылған әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарына түсу құқығын беретін сертификаттар салтанатты жағ­­дайда табыс етілді. Сондай-ақ іс-шара бары­сында «Аманат» рәсі­мі өтіп, запасқа шы­ға­рылған сарбаздар әскерге шақырылушыларға абырой мен батылдықты бей­не­лей­тін қалқан мен қылыш тарту етті.

«Қарулы Күштердің арда­герлері» РҚБ төр­аға­сының орынбасары, отс­тав­кадағы генерал-майор Марат Нағұманов сөз алып, жастарға ақ батасын берді. Ол әскерге шақы­ры­лушыларға жаңа ортаға тез бейім­де­ліп, әскери істі игеруде сәттілік ті­леді. Акция аясында астаналықтар үшін әскери техника мен қару-жарақ, әскери киім үлгісі мен жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Smart Sarbaz» үйірмелері тәр­бие­ленушілерінің роботтехника саласындағы әзірлемелері ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50