Ағылшын лигасы бойынша алғырлық танытқан жас пікірсайысшы енді Сербия мемлекетінде өтетін халықаралық додаға ел атынан қатысатын болды.
Азат Астана қаласында өткен гранд-турнирде Оралдағы Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысымен бірге бір командада сайысқа түсті.
– Бұл турнирге бір ай бойы дайындалдым. Қазақстанның әр түкпірінен ең мықты деп іріктелген 40 шақты пікірсайысшы жиналды. Олардың арасынан озық атану – мен үшін үлкен жетістік. Еліміздегі және жастар арасындағы өзекті тақырыптарды қозғадық. Әрине, сабақпен қоса бұл сайысқа әзірлену оңай болмады. Алдағы уақытта халықаралық деңгейде өтетін ағылшын лигасында ел намысын қорғауға бар күшімді саламын, – дейді Азат.
Айта кетейік, халықаралық сайысқа аттанғалы отырған үздік дебатшы өзі оқитын мектептегі «Парасат» дебат үйірмесінің белсенді мүшесі.
Батыс Қазақстан облысы