Марапат • 24 Қазан, 2023

Бахтиёр Зайнутдинов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бахтиёр Зайнутдинов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Фото: ашық дереккөз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды.

Биылдан бастап қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық жазушысы» атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болғанын жазған едік.

Сонымен қатар «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болған көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлерінің есімі белгілі болды