Қазақстан • 24 Қазан, 2023

Қазақстан азаматтарының орташа жасы 74,4 жасқа жетті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтарының орташа жасы 74,4 жасқа жетті

Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан әлеуметтік салада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Халықтың денсаулығын жақсарту үшін қомақты қаржы бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде азаматтардың орташа жасы 74,4 жасқа жетті. Бұл – ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Қиындығы көп болған тоқсаныншы жылдарда халық саны күрт азайды. Біз қазіргі таңда осы демографиялық құлдырауды еңсердік. Көп ұзамай халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Бұл еліміздің тұрақты дамуының айқын көрінісі деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, азаматтарымыз өз ұрпағының жарқын болашағына және еліміздің ертеңіне сеніммен қарайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру үшін тиісті заң қабылданғанын еске салды. Небәрі екі айдан кейін балалардың есеп-шотына қаржы түсе бастайды.